Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі нәтижелері баяндап, алдағы кезеңге арналған жоспарды таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа терроризммен, экстремизммен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясындағы қолға алынған шаралар жөнінде есеп берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кибер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органы қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.