Бұл жағдай бүгін Молдағалиев көшесінде болды
Астанада жолаушылар өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірім баланы автобус қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған мәліметтен кейін агенттік тілшісі Астана қаласының Полиция департаментіне сауал жолдап, оқиғаның мән-жайын білді. Тәртіп сақшылары болған жағдайды растап, бұл оқиғаның бүгін, яғни 13 қараша күні болғанын мәлім етті.
«Yutong» маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Молдағалиев көшесінде келе жатып, бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Полицияның мәліметінше, қазір осы жағдайға байланысты тексеру жүріп жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Астанадағы Байтұрсынов көшесінде автобус қыз баланы қағып кеткені, соның салдарынан салондағы үш жолаушы жараланғаны хабарланған.