Төрт түйе қоқыс жәшігін төңкеріп, айналасын былғаған
Маңғыстау өңірінің Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында бір топ түйе қоқыс контейнеріне бас сұғып, ішіндегі картонды талғажау еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жағдай Қызылсай ауылындағы Қ. Аманиязов көшесі, №68 үйінің маңында болған. Төрт түйе қоқыс контейнерін төңкеріп, айналасын былғаған. Осыдан кейін полиция келіп, оларды қамап тастады.
Ауыл әкімдігінің мәліметінше, түйенің иесі табылып, оған айыппұл салынды. Сол сияқты төрт түлік малды қараусыз қалдыруға болмайтыны ескертіліпті.
«Ауыл тұрғындарын үй жануарларын қараусыз қалдырмай, қоғамдық тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз», – делінген Қызылсай ауылы әкімдігінің хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін қараусыз жүрген түйе төрт адамның қазасына себеп болғаны хабарланған.