Ол 15 күнге әкімшілік қамауға алынды
Шымкентте «Жаңа Шаһар» базарының маңында 60-қа келген ер адам бейнебақылау камерасын сындырғаны үшін жарты айға қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жағдай базар маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Полицияның мәліметінше, 60 жастағы Константин Силагин өткел лифтіне орнатылған бейнебақылау камерасын әдейі сындырған.
«Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полиция қоғамдық қауіпсіздікке арналған құрылғыларды бүлдіру заңға қайшы екенін ескертеді. Мұндай әрекеттер тұрғындардың қауіпсіздігіне зиян келтіреді. Сондықтан кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады», – деп ескертті қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда жүк көліктерін жаппай тоқтатуға шақырған азамат қамалғаны хабарланған.