Видеодан оларды құқық қорғау органдары жетектеп бара жатқанын байқауға болады
Желіде «Самұрық Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды Azattyq Rýhy.
Видеодан оларды құқық қорғау органдары жетектеп бара жатқанын байқауға болады.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы элиталы үйлердің бірінің ауласында чемоданнан доллар шашылып жатқан сәттің видеосы тараған. Артынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғанын ресми мәлімдеді.
Ал «Самұрық Қазына» қоры басшысының ұсталуына қатысты қазір құқық қорғау органдарына қажетті мәліметтер ұсынып, тергеу ісіне көмектесіп жатқанын хабарлады.