Қызылорда облысында заңды бұзған әкім жазаланды

Автор: Асыл Арман

Әкімнің инвестор жұмысына кедергі келтіргені анықталды

Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысында инвестордың жұмысына кедергі келтірген Шиелі әкімі жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, «VIGOR Holding» компаниясының жұмыс жобасында қарастырылған инженерлік дәліз бойымен Шиелі кентіндегі жер учаскелерін пайдалану үшін жария сервитут белгілеу қажет болған.

Осыған байланысты инвестор Шиелі кентінің әкімдігіне тиісті жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы өтініш берген. Бірақ ауыл әкімі бұл өтінішті еш себепсіз қанағаттандырмаған көрінеді.

«Прокуратура араласқаннан кейін инвесторға қажетті жария сервитутты белгілеу туралы қаулы қабылданды. Ал ауыл әкімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды», – делінген прокуратура хабарламасында.