Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр
Алматы әуежайында бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаға байланысты Көліктегі Полиция департаменті агенттік тілшісіне пікір берді.
«Көліктегі полиция басқармасы Алматы қаласы әуежайында еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан болған адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», – делінген Көліктегі ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.