Олардың қатарында мектеп директорының орынбасары да бар
Алматы облысында №3 арнайы мектеп-интернатының директоры сыбайластарымен бірге миллиондаған ақша ұрлағаны әшкере болды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Мекеме директоры, оның орынбасары және бас бухгалтері ақша ұрлау үшін адамдарды жалған түрде жұмысқа алған. олар арқылы 5,8 млн теңге жымқырғаны белгілі болды.
«Прокуратура материалдары бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот үкімімен лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлеріне сотталды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Қазалыда балабақшаның есепшісі жылдар бойы ақша жымқырып келгені анықталған.