Ақтөбе облысында құтқарушылар орға құлаған көлікті шығарып алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Оқиға кезінде көліктің ішінде екі адам болған

Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында республикалық және облыстық маңызы бар трассалардың бірінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Облыстық маңызы бар Ырғыз - Шалқар автожолының 40-шақырымында жеңіл автокөлік жол жиегіндегі орға аударылып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дабыл түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері оқиға орнына жедел жетіп, құтқару жұмыстарын бастады. Құтқарушылар арнайы құралдар мен әдістерді пайдаланып, автокөлікті ордан қауіпсіз түрде шығарып алды.

Оқиға кезінде көліктің ішінде екі адам болған. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылардың көмегінен кейін жүргізуші мен жолаушы сапарын өздігінен жалғастырды.