Теміртауда көпқабатты үй өртенді: бір адам зардап шекті

Автор: Дәулет Ботагөз

Пәтердегі өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған

Фото: © istockphoto.com

Теміртау қаласының 9-шағынауданында орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында түтін басқан ғимараттан тұрғындар эвакуацияланды. Мамандар арнайы құтқару қалпақтарын пайдаланып, баспалдақ арқылы үш адамды аман алып шықты.

Пәтердегі өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан түтінге уланып, жану өнімдерінен улану белгілері байқалған бір адам көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.