Тінту кезінде құмыраларға егілген, марихуанаға тән иісі бар 93 түп өсімдік пен ерекше иісі бар зат салынған пакет тәркіленді
Алматы қаласында жалға алынған үйдің жабық есігі артында есірткі өсірумен айналысқан заңсыз зертхананың жұмысы әшкереленді. Үй иелері өздері уақытша баспанада тұрып, негізгі ғимаратты қарасора өсіруге толықтай бейімдеп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл заңсыз әрекетті Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел қызметкерлері арнайы шаралар барысында анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде құмыраларға егілген, марихуанаға тән иісі бар 93 түп өсімдік пен ерекше иісі бар зат салынған пакет тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында полиция плантацияны ұйымдастыруға басқа адамдардың қатысы бар-жоғын, өсірілген өнімнің кімге арналғанын және есірткіні өткізу арналарының бар-жоғын анықтап жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.