Олардың арасында 7 бала бар
Астана қаласының «112» құтқару пультіне Алматы ауданындағы Р. Қошқарбаев даңғылында орналасқан тұрғын үйде өрт шыққаны туралы шұғыл хабарлама түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына дер кезінде жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бөлімшелері алты қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде үй заттары жанып жатқанын анықтады.
Өртті сөндіру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында ТЖМ қызметкерлері 25 адамды эвакуациялады. Олардың арасында 7 бала бар. Тілсіз жау толықтай ауыздықталып, өрт сөндірілді. Мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.