Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды

Автор: Дәулет Ботагөз

Іс сотта қаралып, сот шешімімен ер адам 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Фото: скриншот

Шымкент қаласында Қошқар ата өзенінің жағалауындағы жаңадан абаттандырылған аллеяда құқық бұзушылық тіркелді. Белгісіз тұлға қоғамдық орындағы қоқыс жәшіктерін өзенге лақтырып, қала мүлкіне зиян келтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша жедел іздестіру және тексеру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол – 48 жастағы қала тұрғыны Ильзар Билолов.

Қоғамдық орында мүлікті бүлдіру дерегі бойынша оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Іс сотта қаралып, сот шешімімен ер адам 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.