Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, бірқатар өңірде тұман мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте ауа температурасы +24 градусқа дейін көтеріледі
7 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Төрт қалада қар күтіледі. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпін алады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +24 градусқа дейін көтерілсе, солтүстікте +2...+9 градустан аспайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты болады. Түнде және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +3...+5 градус, күндіз +7...+9 градус болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +3...+5 градус, күндіз +16...+18 градус жылы болады.
Шымкентте құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +10...+12 градус, күндіз +21...+23 градус болады.
Ақтөбеде күн бұлтты болады. Түнде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +4...+6 градус болады.
Ақтауда күн бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +4...+6 градус, күндіз +9...+11 градус болады.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +2...+4 градус, күндіз +8...+10 градус болады.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты. Түнде, негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +12...+14 градус болады.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Түнде, негізінен жаңбыр жауады, күндіз де жаңбыр күтіледі. Тұман түседі. Түнде ауа температурасы +2...+4 градус, күндіз +7...+9 градус болады.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -3...-5 градус, күндіз +4...+6 градус болады.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел екпін алады. Түнде ауа температурасы +3...+5 градус, күндіз +16...+18 градус болады.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2...-4 градус, күндіз +2...+4 градус болады.
Қызылордада құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауады. Кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +15...+17 градус болады.
Павлодарда күн бұлтты. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Түнде ауа температурасы +2...+4 градус, күндіз +6...+8 градус болады.
Петропавлда құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жел екпін алады. Түнде ауа температурасы -3...-5 градус, күндіз +2...+4 градус болады.
Семейде құбылмалы бұлтты. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +10...+12 градус болады.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендейді, күндіз +22...+24 градус болады.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8...+10 градус, күндіз +22...+24 градус болады.
Түркістанда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +10...+12 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
Оралда күн бұлтты. Түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз жел екпін алады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +3...+5 градус болады.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +10...+12 градус болады.