Күндіз ауа температурасы +3…+21 градус аралығында болады. Екі қалада жаңбыр жауып, бірқатар өңірде тұман түсуі мүмкін
4 қарашада Қазақстанның 18 қаласында жауын-шашын болмайды, ал екі қалада жаңбыр жауады. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +3…+21 градус аралығында болады. Түнде кей өңірлерде сынап бағаны -8 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -2…-4, күндіз +5…+7 градус болады.
Алматыда да көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +4…+6, күндіз +16…+18 градус.
Шымкентте көшпелі бұлт шығып, күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +5…+7, күндіз +18…+20 градус болады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде 0…+2, күндіз +11…+13 градус.
Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +7…+9, күндіз +18…+20 градус.
Атырауда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде +3…+5, күндіз +14…+16 градус.
Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -3…-5, күндіз +9…+11 градус болады.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде -6…-8, күндіз +6…+8 градус.
Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде -2…-4, күндіз +5…+7 градус.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде +3…+5, күндіз +16…+18 градус.
Қостанайда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді. Түнде -4…-6, күндіз +6…+8 градус.
Қызылордада аздаған бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде +1…+3, күндіз +16…+18 градус.
Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тұман түседі. Түнде -2…-4, күндіз +5…+7 градус.
Петропавлда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -2…-4, күндіз +3…+5 градус болады.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде 0…+2, күндіз +6…+8 градус.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде -4…-6, күндіз +16…+18 градус.
Таразда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде +5…+7, күндіз +18…+20 градус.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +4…+6, күндіз +19…+21 градус.
Оралда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2…+4, күндіз +9…+11 градус.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде -1…-3, күндіз +5…+7 градус.