ШҚО-да аудандық прокуратура оқушылар мен студенттерді бір күнге «сот залына» апарды

Автор: Бақыт Шынар

Олар жастар арасында құқықтық батл ұйымдастырған

Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы  Шемонаиха ауданының прокуратурасы оқушылар мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін құқық тақырыбында батл өткізіп, оларды бір күнге «сот залына» апарды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Декреккөзге сүйенсек, іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен және жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар ортасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткен.

«Құқықтық сайысқа Гуманитарлық-техникалық колледж бен Шемонаиха колледжінің студенттері, сондай-ақ Шәкәрім атындағы №4 мектептің оқушылары қатысты. Батл ойын түріндегі сот процесі форматында өтті. Онда мектеп оқушыларымен студенттер сот өндірісіне қатысушылардың рөлін сомдап, заңнама бойынша білімдерін практикада қолданды, сондай-ақ дәлелдеу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсетті», - деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Батлды прокуратура, сот және полиция өкілдерінен құралған білікті әділқазылар алқасы бағалаған, ал, тәуелсіз судьялар ретінде аудандық әкімдік пен Ақсақалдар кеңесінің өкілдері келген көрінеді.

«Қонақтар жастардың дайындық деңгейін жоғары бағалап, олардың құқықтық білімді сенімді меңгергенін және шешендік қабілеттері де мықты екенін айтқан. Интерактивті формат ашық диалог үшін жағдай жасауға, заңнаманы үйренуге деген қызығушылықты арттыруға және жасөспірімдерді қоғамға пайдалы қызметке тартуға мүмкіндік берді», - деп хабарлайды әкімдік.