«Қазатомөнеркәсіп» 1 мың шаршы аумақта барлау жүргізді: компания басшысы президентке есеп берді

Автор: Асыл Арман

Президент «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысын қабылдады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіп» басшысы Мейіржан Юсуповты қабылдап, компанияның есебін және стратегиялық міндеттердің іске асырылуы жөнінде есебін тыңдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысына уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру іс-шаралары жөнінде мәлімет берілді.

«Бүгінде компания жалпы ауданы 1 мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде геологиялық барлау жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ауданы 124 шаршы шақырым болатын перспективті Қызылту учаскесін барлауды жоспарлап отыр. «Қазатомөнеркәсіп» атом саласындағы жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастықты дамытып, өткізу нарықтарын әртараптандыру арқылы халықаралық деңгейдегі позициясын нығайтып келеді. Белгілі болғандай, биыл Үндістан мен Қытайдың ірі энергетикалық компанияларымен табиғи уран жеткізу жөнінде жаңа келісімшарттар жасалды», – делінген хабарламада.

Мейіржан Юсупов Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіптің» ядролық отын циклі саласындағы қызметі және 2025-2034 жылдарға арналған даму стратегиясына сай алдағы жұмыс жоспарын түсіндіріп берді. Сол сияқты ол «Қазатомөнеркәсіптің» ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту туралы да айтты.

Компания уран өндірісінің тиімділігін арттыру және сирек әрі сирек кездесетін ілеспе металдарды алу технологиясын жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізіп жатыр.

Компания биыл президент тапсырмасына сәйкес, іске асырылып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салудың ауқымды бағдарламасы аясында денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларындағы жобаларға 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ресурстық базаны одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.