Абай облысында баласына алимент төлемей жүрген адам шетел асып кеткен

Автор: Асыл Арман

Оның алимент қарызы 4 млн теңгеден асып кеткен

Фото: istockphoto.com

Абай облысында баласына алимент төлеуден қашып жүрген адам Қырғызстанға кетіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның алимент қарызы 4 млн теңгеден асып кеткен.

Одан бөлек алимент төлемей жүрген ата-ананың бірі Өскемен қаласына кетіп қалған. Полицияның мәліметінше, оның қарызы шамамен 4,5 млн теңгеге жеткен.

Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі екеуінің де қайда жүргенін іздеп тапты. Олар істі ары қарай сот орындаушыларына тапсырды.

Тәртіп сақшылары Абай облысында биыл жыл басынан бері алимент, салық төлемей жүрген 130 адамның қайда тығылып жатқанын іздеп тапты.