Қазақстанда 4 қараша күні теледидар мен радио жұмыс істемейді

Оның себебі белгілі болды

Қазақстанда 4 қараша күні теледидар мен радио жұмыс істемейді
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда қай күні теледидар мен радио жұмыс істемейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазтелерадио» АҚ 2026 жылдың IV тоқсанына арналған жоспарлы профилактикалық жұмыс уақытын жариялады.

«4 қараша күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) бүкіл ел аумағында спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтік телевизия мен радио желілерінде хабар тарату уақытша тоқтайды. Бұл алдағы уақытта хабар таратудың тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажет», – делінген хабарламада.