Ташкенттегі ауруханада 16 бала, 1 жаттықтырушы және 11 ата-ана жатыр
Қарағандыдан Ташкентке жарысқа барған бір топ жас футболшы ауырып, ауруханаға түсті. Осы жағдайға байланысты тың мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 28 қазан мен 2 қараша күні Өзбекстанның Ташкент қаласында футболдан «Dostik Cup» халықаралық турнирі өткен.
Бұл турнирге Өбекстан, Қырғызстан, Қазақстан командалары қатысқан.
«Қарағанды облысынан бұл турнирге «Jas Batir», «Nomad Akademiya», «Skaut» жеке футбол мектептерінен (2014, 2018, 2019 жылы туған) 60 бала, 32 ата-ана, 4 бапкер аттанды. Олар жеке қаражат есебінен барды. Қазіргі уақытта 16 бала, 1 жаттықтырушы және 11 ата-ана ауруханада ем алып жатыр. Олар Ташкент қаласындағы «G'ayrat Hoji ota hotel» қонақүйіне тоқтап, дәл осы жерде тамақтанған», – дейді басқарманың агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Айта кетейік, осыған дейін Ташкентке аттанған бір топ жас футболшының уланып, ауруханаға түскені хабарланған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасады.