Жезқазғанда тұрғын үйден өрт шықты: төрт адам құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Оқиға көпқабатты үйлердің бірінің бірінші қабатында орналасқан пәтерде болған

Фото: ТЖМ

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ТЖМ құтқарушылары төрт қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде тұрғындарды аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға көпқабатты үйлердің бірінің бірінші қабатында орналасқан пәтерде болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері дабыл сигналы бойынша оқиға орнына жедел жетті. Пәтердің асүйінде жиһаз бен тұрмыстық техника өртеніп жатқан.

Өрт сөндірушілер арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен төрт адамды сыртқа алып шықты. Сонымен қатар баспалдақ арқылы тағы жеті тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Өрт 12 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.