Атырау қаласында қонақүй өртенді (ВИДЕО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 қызметкері мен 9 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды

Фото: ТЖМ

Атырау қаласында құтқарушылар бір қабатты қонақүй ғимаратында шыққан өртті жедел ауыздықтады. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға туралы дабыл түскен бойда Смағұлов көшесіне жедел жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрт сөндірушілердің жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 қызметкері мен 9 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды.

Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр.