Еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 30 қазанда 3 орман өрті дерегі тіркелді
Еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 30 қазанда 3 орман өрті дерегі тіркелді.Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жерүсті бақылау жұмыстарын жүргізуі барысында анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт ошақтарын ауыздықтау үшін оқиға орнына арнайы техника мен жеке құрам мамандары дереу жұмылдырылды. Солтүстік Қазақстан облысында, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында бір-бірден өрт тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысы мен «Бурабай» МҰТП аумағындағы өрт толық сөндірілді. Ал Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.