Жезқазғанда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Оған тиесілі Nissan Maxima автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды

Жезқазғанда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Фото: © istockphoto.com

Жезқазған қаласында патрульдік полиция қызметкерлері бұрылыс сигналын бермей жол ережесін бұзған жүргізушіні құрықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін сақтамаған Nissan Maxima маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында көлік тізгініндегі азаматтан алкогольдің өткір иісі сезілген. 

Жүргізуші оқиға орнында медициналық куәландырудан өтіп, сараптама оның алкогольдік мас күйде болғанын растады. Сот шешімімен азамат 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Ал оған тиесілі Nissan Maxima автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.