Қазақстандықтар 2027 жылы Жаңа жылда неше күн демалады

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстандықтарды төрт күндік Жаңа жыл демалысы күтіп тұр

Фото: istockphoto.com

2027 жылы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесіне орай ұзақ демалыс күтіп тұр. Жаңа жылдың алғашқы күні – 1 қаңтар жұмаға, ал 2 қаңтар сенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні 4 қаңтарға, дүйсенбіге ауыстырылады,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төрт күндік демалыстан кейін қазақстандықтар 5 қаңтар, сейсенбі күні жұмысқа шығады. 6 қаңтар, сәрсенбі де – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар, бейсенбіде елде православ христиандарының Рождество мерекесі атап өтіледі. Бұл күн дәстүрлі түрде демалыс болып саналады.

Одан кейін 8 қаңтар, жұма – жұмыс күні. Ал 9 және 10 қаңтар әдеттегі сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында 2027 жылғы қаңтарда 18 жұмыс күні және 13 демалыс күні болады. Сенбі мен жексенбіден бөлек, 1, 4 және 7 қаңтар да демалыс күндері болып есептеледі.