Жаңа басшы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында 2013 жылдан бері жұмыс істейді
«Самұрық-Энерго» басшысы лауазымына Аңсар Айдаров тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов жаңа басшыны компания ұжымына таныстырып, жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес отырысында ол негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімін қатаң сақтау қажеттігін атап, электр станцияларының уақытылы қолданысқа берілуін қамтамасыз етуді талап етті.
Аңсар Айдаров «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Осыған дейін «Энергия Семиречья» ЖШС бас директоры, «Самұрық-Энерго» АҚ Жобалық кеңсесінің басшысы және инвестициялар жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаудағы сынынан кейін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бұрынғы басшысы Қайрат Мақсұтов жұмысынан қуылған.