Тоқаев Анкарада Түркі әлемі аллеясына ағаш екті (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркі мемлекеттері ұйымының басшылары Түркі әлемі аллеясына ағаш екті, хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ға мүше елдер басшыларымен бірге Түркі әлемі аллеясына ағаш егу рәсіміне қатысты», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды.