Құжат 2027 жылғы қаңтардың соңына дейін Құрылтайдың қарауына келеді
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында Алатау қаласының арнайы құқықтық режиміне түзетулер әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжат 2027 жылғы қаңтардың соңына дейін Құрылтайдың қарауына енеді.
Вице-министрдің айтуынша, Алатау қаласындағы сот жүйесінің қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Оның жұмысы қаланың арнайы құқықтық режимін жетілдіру және инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау мәселелерімен байланысты.
«Алатау қаласының арнайы құқықтық режимінің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында Алатау қаласындағы сот жүйесінің қызметі жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы жұмыс істейді», – делінген баяндамада.
Бұдан бөлек, инвестиция тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру үшін «Бәйтерек» холдингіне инвестициялық саясат саласында қосымша функциялар беру жоспарланып отыр.
Аталған шаралар Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген инвестиция тарту міндеттерін іске асыру аясында қарастырылып жатыр.