Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты
ҚР Сыртқы істер министрлігі Испаниядағы пойыз апатында зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Испаниядағы теміржол апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. СІМ деректерді тексеруді жалғастыруда», – делінген ведомствоның агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Айта кетейік, осыған дейін Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапқаны хабарланған.