Каспий теңізінің жағасындағы бірнеше гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Автор: Асыл Арман

Каспий жағасындағы бірнеше гектар жерді беру кезінде заң бұзылғаны анықталды

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағасындағы 5,9 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Жер ресурстарын басқару комитетінің Маңғыстау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізгенде Каспий жағасындағы бірнеше гектар жерді беру кезінде заң бұзылғанын анықтады.

«Осыны жою үшін департамент Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыз берді. Сот істі қарау нәтижесінде департаменттің талаптарын қанағаттандырды», – делінген АШМ хабарламасында.

Осылайша, жалпы ауданы 5,9 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.