Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК қазан айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, қазан айының соңғы күндері әсіресе Қазақстанның батыс бөлігінде ауа райы ерекше жылы болады. Бұл өңірде ауа райына ауқымды антициклон әсер етеді.
«Еліміздің солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ оңтүстік облыстардың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың әсерінен қар жаууы мүмкін», – делінген синоптиктер болжамында.
Ал еліміздің басым бөлігінде түнгі уақытта ауа температурасы 0°С-тан төмен болады. Күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы 0…+5°С-тан +5…+10°С-қа дейінгі аралықта құбылады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы +17…+22°С-қа дейін жылы болады.