Тоқаев Президент Әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Автор: Асыл Арман

Ақорда арнайы хабарлама жариялады

Фото: istockphoto.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Азаматұлы Мағзұмов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.