Қазақстанда 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды: тізім жарияланды

Автор: Асыл Арман

Олар тұтынушылардың құқығын назарға алмай, заңды жүйелі түрде бұзып келген

Фото: Azattyq Rýhy

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстандағы жеті микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттіктің мұндай шешім қабылдауына олардың тұтынушылар құқығын назарға алмай, заңды жүйелі түрде бұзып келгені себеп болған.

Ведомство 2026 жылғы 23 қазандағы бұйрықтар негізінде мына ұйымдарды лицензиясынан айырды:

  • «MaxMoney» МҚҰ» ЖШС»;
  • «Microfinance Systems» МҚҰ» ЖШС;
  • «SurfKaz Finance» МҚҰ» ЖШС;
  • «MFO№1» МҚҰ» ЖШС;
  • «Умит Финанс» МҚҰ» ЖШС;
  • «Вивус» МҚҰ» ЖШС;
  • «EL QAZYNA» МҚҰ» ЖШС).

«Бұл шешімдер заң бұзудың жолын кесуге, жөнсіз практикалардың алдын алуға, микроқаржы нарығына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға және заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңнамаға сәйкес микроқаржы ұйымдары лицензиясынан айырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді алып тастап, қайта тіркеу рәсімін өткізуі қажет», – делінген хабарламада.