Бүгін, 18:34
Жаңалықтар
Щучинскіде өзін жайсыз сезінген 1941 жылғы қария құтқарылды
Үйдің ішінен еденде жатқан 85 жастағы қария табылды
Фото: ТЖМ
Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында құтқарушылар 1941 жылы туған қарияға шұғыл көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне есікті өз бетінше аша алмай, өзін жайсыз сезініп тұрғанын хабарлаған тұрғыннан шақырту түскен.
Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы шұғыл түрде жеткен.
Құтқарушылар арнайы альпинистік жабдықтарды пайдаланып, балкон арқылы пәтерге кірді. Іштен еденде жатқан 85 жастағы қария табылды. Белгілі болғандай, ол төсектен құлап, өздігінен қайта тұра алмаған. Құтқарушылар қарияны жедел медициналық жәрдем мамандарына тапсырды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды