27 қазан күні ауа райы қандай болады

Сейсенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

27 қазан күні ауа райы қандай болады
Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 27 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Сейсенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Мұнымен қоса, елдің солтүстік, орталық өңірлерінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар жауып, солтүстікте көктайғақ болады.

Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлерде жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде ауа температурасы -2…-11°C-қа дейін төмендеп, үсік жүреді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ал Қызылорда мен Атырау облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау және Жетісу облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.