Түнде Астана қаласының Сарыарқа ауданында, Бөгенбай батыр даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінен өрт шықты
Түнде Астана қаласының Сарыарқа ауданында, Бөгенбай батыр даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тілсіз жау ғимараттың шатырында тұтанған. Жедел жеткен өрт сөндірушілер кешен ішіндегі азаматтарды шұғыл түрде сыртқа шығарды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары желдету жүйесінің жылу оқшаулағыш материалы мен электр кабельдерінің жанғанын анықтады. Құтқарушылар ғимараттың бірінші қабатындағы дәмхана мен бильярд залынан 60 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Энергетикалық компания мамандары нысанды электр желісінен толық ажыратқаннан кейін тілсіз жау толығымен сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.