Бүгін, 16:34
Жаңалықтар
Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен екі бала мен екі ересек адам құтқарылды
Өрт 18 қабатты тұрғын үйдің 14-қабатындағы пәтерден шыққан
Фото: ТЖМ
Астананың Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешенінде өрт шығып, ТЖМ құтқарушылары төрт адамды тілсіз жаудан аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт 18 қабатты тұрғын үйдің 14-қабатындағы пәтерден шыққан. Шұғыл шақырту орнына жеткен өртсөндірушілер пәтер ішіндегі жиһаз бен үй заттарының жанғанын анықтады.
Құтқарушылар арнайы тыныс алу маскаларын пайдаланып, қою түтін басқан үйден 4 адамды, оның ішінде 2 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Өрт жоғары қабаттағы пәтердің 25 шаршы метр аумағын шарпыған. Тілсіз жау толық сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 11:02
Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды