Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
Талдықорған қаласында Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы мас адамның көлік жүргізгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Таңға жуық бейнебақылау операторлары Рақышев көшесінде күмәнді бағытта қозғалып бара жатқан Mercedes-Benz автокөлігін тіркеген. Көлікті тоқтатқан кезде рөлде 28 жастағыжергілікті тұрғынның отырғаны белгілі болды. Медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің ішімдік ішкенін толық растады. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылады.