Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан мата дүкенінен өрт шығып, оны құтқарушылар жедел сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне оқиға туралы шұғыл хабарлама түскеннен кейін, өрт сөндіру бөлімшелері дереу оқиға орнына жетті.
Төрт қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде өрт шығып, тоқыма бұйымдары жанған. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жалынның пәтерлерге және басқа аумақтарға таралуына жол берілмеді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.
Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар жүргізіп жатыр.