Полиция қызметкерлері заң бұзған азаматтың Алматы облысының тумасы, 27 жастағы Тоқтар Нарынбай екенін анықтады
Астанада қоғамдық көлік жүргізушісімен жанжал шығарып, автобус әйнегін ұрған Hyundai автокөлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тәртіп бұзушы автобус жолағына тоқтап, қозғалысқа кедергі келтірген. Одан кейін агрессия көрсетіп, автобустың әйнегін бірнеше рет ұрып, бейәдеп сөздер айтқан.
Полиция қызметкерлері заң бұзған азаматтың Алматы облысының тумасы, 27 жастағы Тоқтар Нарынбай екенін анықтады.
Тексеру барысында азаматтың борышкерлік міндеттемелерін орындамағаны үшін көлік жүргізу құқығынан уақытша айырылғанына қарамастан, рөлге отырғаны анықталды. Сонымен қатар ол жолда әдейі кедергі жасау және тоқтау ережелерін бұзу фактілері бойынша қосымша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Тоқтар Нарынбайға 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.