Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығы мен жөндеу жұмыстарына байланысты көліктің кейбір түріне қозғалыс шектелді
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2026 жылғы 24 қазандағы таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардағы шектеулер туралы хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығы мен жөндеу жұмыстарына байланысты көліктің кейбір түрлеріне қозғалыс шектелді.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, жолдың тайғақ болуына байланысты жазғы шиналармен жүретін барлық көлік түрі үшін «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының Өскеменнен Шемонаихаға дейінгі 1089–1191-шақырымдары және Шемонаихадан Ресей шекарасына дейінгі 1194–1212-шақырымдары жабылды.
Сонымен қатар жүк көліктері мен жазғы дөңгелегі бар көліктердің «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі 7–166-шақырымдарында қозғалысына шектеу енгізілді.
Солтүстік Қазақстан облысында Покровка көпірін жөндеу жұмыстарына байланысты «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 875-шақырымында жүк көліктерінің қозғалысы шектелді. Жүргізушілерге айналма жол ретінде «Рощинское – Корнеевка – Волошинка», «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево», аталған автожолдың 876–946-шақырымдары және «Покровка – Корнеевка – Горное» бағыттары ұсынылды.