«Астана Опера» сахнасында Қазақстанның танымал өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті
Мемлекет басшысы Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» атты мерекелік концертке барды.
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры сахнасында елімізге танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.