Рәсім Charging Bull мүсінінің жанында өтті
Дәл қазір АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Уолл-стрит көшесінде Қазақстанның Мемлекеттік Туы желбіреп тұр. Салтанатты шара Қазақстанның Республика күніне арналған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рәсім 22 қазанда Манхэттеннің қаржы орталығында, әйгілі Charging Bull бұқасының мүсіні жанында өтті. Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалған.
Бұл рәсім Республика күні қарсаңында шетелде тұратын отандастардың басын қосатын дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналған. Бұған дейін де Нью-Йоркте ұлттық мерекеге орай осындай салтанатты шаралар ұйымдастырылған.