Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті

Автор: Асыл Арман

Олардың бұл әрекеті 20 қазан күні «Қорғаста» әшкере болған

Фото: ҰҚК

Қазақстанда жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйіздерін шетелге сатпақ болғандардың ісі әшкере болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, биыл 20 қазан күні «Қорғаста» шекарашылар Қытайға 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкетпек болғандардың жолын кесті.

«Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңгені құрауы мүмкін. Осы фактіге қатысты материалдар – процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға беріледі», – делінген ҰҚК хабарламасында.

ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялаған жоқ.