Олардың арасында ондаған шетел азаматы бар
Қазақстанда биыл 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында интернет-алаяқтықпен айналысқан 700-ден аса адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осы аралықта интернет-алаяқтық бойынша 1595 қылмыс анықталып, бұрын жасалған 917 қылмыстың беті ашылды.
«Осы қылмыстарға қатысы бар 724 адам ұсталды. Олардың 22-сі – шетел азаматтары. 97 адам қамауға алынып, іздеуде жүрген 8 адам ұсталды. Сонымен қатар, 1242 іс аяқталды», – деді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбай.
Биыл 9 айда қазақстандықтарға қауіп төндіретін 82 мыңға жуық интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жіберілді.