Ол өгей қыздардың анасымен 2018 жылдан бері бірге тұрып келген
Павлодарда ер адам өгей қыздарын зорлап, оларға ВИЧ ауруын жұқтырған. Ол осы қылмысы үшін өмір бойына сотталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі irbistv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметіне сүйенсек, Павлодар тұрғыны 2018 жылдан бері екі қызы бар әйел адаммен бір шаңырақ астында өмір сүріп келген. Екі қыздың да дамуы кешеуілдеген.
2015 жылы әйел адам екі қызын өгей әкесіне тастап, шаруаларымен шығып кеткен. Ер адам сол күні ішімдікке сылқия тойып, өгей қыздарын зорлаған. Көп ұзамай ер адамның ВИЧ-пен ауыратыны, екі қызға жұқтырғаны белгілі болды.
«Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4 және 5-бөліктері бойынша, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады, бұл жаза өмір бойы мұғалімдік лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынады. Жаза төтенше жағдайдағы қауіпсіздік жүйесінің түзеу мекемесінде өтелсін», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Жанна Нығыбаева.