Блогер әйгілі бапкерді ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақпен таныстырды
Танымал қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым «Реал Мадрид» командасының бас бапкері Жозе Моуриньоның иығына қазақтың шапанын жапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аты аңызға айналған Жозе Моуриньоға «Ордабасы» командасының жейдесін сыйға тарттық. Одан бөлек қазақы шапан жауып, ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақпен таныстырдым», – деп жазды блогер.
Айта кетейік, Дастан Мұхамедрахым осыған дейін Қазақстанға 100 млн аудиториясы бар әлемдік блогерлерді шақыратынын айтқан.