Оның Бейжіңге емделу үшін құпия түрде жеткізілгені айтылды
Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ынның миына қан құйылып, артынан көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Мұндай мәліметті қытайлық саяси белсенді Ваньцзюнь Се жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол өз сөзінде Ким Чен Ынды Бейжіңге емделу үшін құпия түрде жеткізгенін, ал Қытай Пхеньянға мыңдаған әскери жібергенін айтты. Дегенмен, ол бұл сөзін дәлелдейтін нақты ешқандай дәлел ұсынған жоқ.
Осы сыбыстар аясында Солтүстік Кореяның KCNA агенттігі 19 қазан күні Ким Чен Ынның Пхеньянда өткен киім мен аяқ киім көрмесін аралағанын жариялады. Агенттік оның жұбайымен және қызымен бірге жүрген суретін жариялады. Бұл суреттер ертеңінде мемлекеттік БАҚ-та да жарияланды.
ҚХДР билігі Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбысқа қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Ал жарияланған суреттер тәуелсіз тексерістен өткен жоқ.
Айта кетейік, мұндай сыбыс осыған дейін де тараған. Ким Чен Ын бірнеше апта бойы ел алдына шықпаған. Тек 2020 жылы өзінің тірі екенін, сыбыстың тек сыбыс күйінде қалғанын көрсетті.