Республика күніне орай Қазақстандағы ірі дүкендерде жеңілдіктер басталды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл бастамаға Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар бастамашы болған

Фото: gov.kz

Республика күніне орай Қазақстанда ауқымды жеңілдіктер басталды. Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар Republic Day және Bereke Fest акцияларын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Жеңілдіктердің алғашқы легі 17 қазанда басталған.  Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен басқа да өңірлерде Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары басталып, кейбір тауарлар 50% жеңілдікпен сатыла бастады.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, жеңілдіктердің ең ауқымды кезеңі 21-27 қазан аралығында басталады.

«Мәселен, Астанада Republic Day акциясына «MEGA Silk Way», «Хан Шатыр», Алматыда  «MEGA Alma-Ata», «MEGA Park» және «Forum Almaty», Шымкентте - «Mega Planet» пен «Shymkent Plaza» сауда орталықтары қатысады. Ал Bereke Fest аясындағыарнайы ұсыныстар «Magnum», «SMALL», «Астықжан» және «GraMad» сауда желілерінің дүкендерінде жеңілдіктер басталады», - деп хабарлайды сауда министрлігі.

Айта кетейік, биыл қазақстандықтар Республика күнінде үш күн демалады.