Биыл Астанадан Павлодарға қатынайтын жолаушылар көбейді

Автор: Темірхан Айжан

Халықаралық бағыттар бойынша Ыстанбұл, Мәскеу, Бейжіңге ұшатындар көп 

Фото: iStockphotos

Биыл Астана халықаралық әуежайынан ең көп сұранысқа ие ішкі бағыттар қатарында Алматы, Шымкент пен Атырау қалалары бар. Сонымен қатар Павлодарға ұшатын рейстерге де жолаушылар қызығушылығы артқан. Халықаралық бағыттар арасында Ыстанбұл, Мәскеу және Бейжің қалалары көш бастап тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуежай мәліметінше, жолаушылардың сұранысы дәстүрлі бағыттармен шектелмейді. Жаңадан ашылған халықаралық рейстерге де қызығушылық артып келеді.

Атап айтқанда, Ұлан-Батыр, Прага және Гуанчжоу қалаларына қатынайтын рейстерде жолаушылар ағынының өскені байқалған. Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайының маршруттық желісі 65 бағытты қамтиды. Оның 47-сі халықаралық, ал 18-і ішкі бағыттарға тиесілі.

Әуежай әкімшілігі маршруттық желіні кеңейту, рейстердің жиілігін арттыру және жаңа бағыттарды ашу бойынша авиакомпаниялармен бірлесіп, жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.